ҚҚС және тіркеу шегін төмендету: түзетулер Парламентке жіберілді

20 Ақпан, 17:20
504
Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске Салық кодексінің жобасына түзетулер пакетін енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзгерістер салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған.
Негізгі түзетулер мыналарды қамтиды:
Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету – 20 000 МРП (78,6 млн теңге) 3 800 МРП (15 млн теңге) дейін;
Қосылған құн салығының мөлшерлемесін арттыру – 12%-дан 16%-ға дейін, бұған қоса бірқатар салалар үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% белгіленеді;
Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу – тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қолжетімді болады.
Бөлісу: