ҚПЛ: “Қызыл-Жар” “Қайратты” басып озды

13 Тамыз 2023, 20:56 1037

Футболдан Қазақстан чемпионатының 19-турында кездескен “Қызыл-Жар” мен “Шахтер” арасындағы матч тең аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кездесу Петропавлда өтіп, командалар тең есепті қанағат тұтты - 1:1. Екі гол да бірінші таймда соғылды. Қарағандылықтар сапынан Иван Свиридов 8-минутта есеп ашты. Алаң иелері сапынан Евгений Березкин мергендік танытты.

Осыдан соң “Қызыл-Жар” ҚПЛ-да 4-орынға көтеріліп, “Қайратты” 5-орынға сырғытты.

Алматы клубы енді Қостанайдың “Тобылымен” кездеседі.

Перизат Саденова
Бөлісу: