Қояндыда 48 мың текше метр еріген су тартылды

27 Наурыз, 03:29 759

Целиноград ауданы Қоянды ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. 27 наурыз сағат 3:20-дағы жағдай бойынша 48 мың текше метр еріген су тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 27 наурызда Целиноград ауданының аумағында еріген қар суын апатсыз өткізуді қамтамасыз ету үшін жеке құрамнан 16 адам, 2 техника және 4 бірлік мотопомпа жіберілгенін айтты.

Аталған пунктке шығар алдында жұмылдырылған топпен қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқама өткізілген.

Зарина Арман
Бөлісу: