20.09.2024
04:30
918
Қоянды ауылында су бұру каналы салынып жатыр

Қоянды ауылында су бұру каналы салынып жатыр

Ақмола облысының Қоянды ауылында айналасында су тасқынының және елдімекен көшелерін еріген қар суы басуының алдын алу мақсатында су бұру каналы салынып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, жоба аймақ басшысы Марат Ахметжановтың бастамасымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «QazaqCityStroy» ЖШС жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда мердігерлік ұйым жалпы ұзындығы 4 км (оңтүстік тармағы 2 км және шығыс тармағы 2 км) су бұру арнасын орнату бойынша жер жұмыстарын жүргізуде.

Арнаның жалпы құрылысын осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.