18.09.2024
02:21
959
Қоянды ауылында су бұру каналы салынуда

Қоянды ауылында су бұру каналы салынуда

Су тасқынының және елді мекен көшелерін еріген қар суы басуының алдын алу мақсатында Қоянды ауылының айналасында су бұру каналы салынуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жобаны Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың бастамасымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «QazaqCityStroy» ЖШС жүзеге асыруда.

Бүгінгі таңда мердігерлік ұйым жалпы ұзындығы 4 км (оңтүстік тармағы 2 км және шығыс тармағы 2 км) су бұру арнасын орнату бойынша жер жұмыстарын жүргізуде.

Арнаның жалпы құрылысын осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.