Қосылған құн салығын қайтару рәсімі жеңілдеді

19 Наурыз, 03:30 719

Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі бизнес шығындарын қысқарту және ҚҚС қайтару рәсімін оңайлату мақсатында ҚҚС қайтару қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әзірлеу барысында Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп талқыланған бизнес-қоғамдастықтың ескертулері мен ұсыныстары ескерілді, атап айтқанда:

- салық төлеуден жалтару схемаларын қолдану тәуекелдері нақтыланды;

- қайтаруға ҚҚС сомасын айқындау кезінде тауарларды өнім берушілер- өндірушілер және басқа да өнім берушілер санаты  жіберген бұзушылықтар есепке алынбайды.

Енгізілген өзгерістер отандық тауар өндішушілерге ҚҚС қайтару рәсімін оңайлатады және даулы жағдайларды қысқартады.

Құжатты сілтеме бойынша көруге болады: https://zan.gov.kz/client/#!/doc/194277/kaz

Жаңа ережелер ағымдағы жылдың 26 наурызында қолданысқа енеді.

Зарина Арман
Бөлісу: