Қостанайлық құтқарушылар 19 адамды балшықтан шығарды

4 Тамыз, 11:42 407
Өткен түнде жауған жаңбыр топырақты шайып, нәтижесінде Новозаливное көлінде дем алғандар өз бетінше үйлеріне жете алмай қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылардың күшімен 7 жеңіл автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйретіліп, құтқарылған 19 адам, оның ішінде 3 бала Қостанай қаласына сапарын жалғастырды. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөмеріне хабарласыңыз!

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: