Қостанайлық полицейлер жанып жатқан ғимараттан ер адамды алып шықты

Қостанайлық полицейлер жанып жатқан ғимараттан ер адамды алып шықты

Қостанай облысында полиция қызметкерлері ер адамды жанып жатқан ғимараттан құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алтынсарин ауданы, Щербаков кентінде орналасқан бос тұрған ғимараттың шатырынан өрт шыққаны туралы өрт сөндіру бөліміне хабар түскен сәтте оқиға орнына дереу өрт сөндіру тобы барып, қызыл жалында ауыздықтау жұмыстарын бастап кеткен. 

Көп ұзамай оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары Дулат Нұрумов пен Амантай Кенжебаев келіп жетті. Батылдық пен бастамашылдық танытқан полиция қызметкерлері аумақты тексеру үшін қазандық бөлмесіне кірді. Тексеру барысында олар қою түтіннің ішінде ұйықтап жатқан ер адамды байқап қалады. Уақыт жоғалтпай, оны қауіпті аймақтан шығарып, өмірін сақтап қалған. 

Полиция қызметкерлерінің жанқиярлығы мен өрт сөндірушілердің жедел әрекеттері арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туса керек. Ер адам ешқандай жарақат алмады және дәрігерлерге тексерілу үшін тапсырылды.