Қостанайлық полицейлер есірткі тарататын арналардың жолын кесті

29 Наурыз 2023, 14:20 636

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Қостанайдың 28 жасар тұрғынын ұстады. Ол көппәтерлі үйлердің бірінде “синтетика” қалдырмақшы болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тінту жүргізу кезінде одан 119,46 грамм “а-PVP” есірткі психотроптық зат табылып, тәркіленді. Бұл аса ауыр салмақты құрайды, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Дүйсембай Байбосынов. 39 жастағы екінші күдіктіні полицейлер Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тас жолында ұстады. Көліктен салмағы 2 келіден асатын гашиш және 2 келі 194 грамм марихуана табылды. Есірткінің рюкзакта болғандығы белгілі болды. – Алғашқы тергеу әрекеттері барысында күдіктінің есірткіні елдің оңтүстік өңірінде сатып алғаны анықталды. Әрі қарай ол Қостанай облысының аумағында есірткі сатуды жоспарлаған, – деді Дүйсембай Байбосынов.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

EL.KZ
Бөлісу: