Қостанайлық өрт сөндірушілер газ баллонын өрттен шығарды

10 Қазан, 09:44 586

Қостанайлық өрт сөндірушілер газ баллонын өрттен шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Федоровка ауылында жеке тұрғын үйдің жануы орын алды. Өрт сөндірушілер ықтимал жарылыстың алдын алу мақсатында, өрттен ішкі қысымы көтеріліп, деформацияға ұшыраған көлемі 27 л газ баллонын шығарып, оны суытып, қауіпсіз жерге апарды.

Өрт 70 шаршы метр алаңда жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: