Қостанайлық әйел өзін сабап тастаған ер адамды соттан қатаң жазаламауды сұрады

11 Маусым, 09:42 599

Қостанай облысы Сарыкөл аудандық соты бірге тұрып жатқан әйелді сабап тастаған Сарыкөл ауылының тұрғынына қатысты денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Сотта осы жылдың ақпан айында Сарыкөл ауылының тұрғыны мас күйінде бірге тұратын әйелмен жанжалдасып, оған бір-біріне деген жеке жеккөрушілік қарым-қатынас негізінде қолымен және аяғымен көптеген соққы жасап, дене жарақаттарын келтіргені анықталды. Алынған дене жарақаттарының салдарынан көшеде есін жоғалтқан әйел қар үстінде жатқан жерден табылды, содан кейін полиция қызметкері оны аудандық ауруханаға жеткізді.

Ер адам кінәсін толық мойындады. Жәбірленуші соттан сотталушыны қатаң жазаламауды сұрады, оған ешқандай талабы жоқ.

Сот үкімімен С. қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: