Қостанайдағы түнгі клубта тыр жалаңаш билеген қыздар желіні шулатты

17 Тамыз 2023, 17:03 3368

Қостанай қаласындағы түнгі клубта қыздар жұрттың көзінше тыр жалаңаш шешініп тастаған. Бұл туралы Қостанай облысының Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіде таралған бейнежазбадан түнгі клубтағы жас қыздардың тыр жалаңаш шешініп билеп жүргендерін көрууге болады. Полиция департаменті видеоға қатысты барлық адам анықталғанын мәлімдеді. Бұл жағдайдың мән-жайын анықтау үшін полицияға 6 адам шақырылған. Оның ішінде клубтың иесі де бар.

Қазіргі уақытта ұсталған бес адамға қатысты ҚР Әкімшілік Кодексінің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады. Көңіл көтеру мекемесінің иесіне қатысты құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұйғарым шығарылды, - делінген полиция ақпаратында.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қостанай облысының полиция департаменті кештің барлық қатысушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлайды. Қостанай қаласы әкімшілік сотының шешімімен қыздар бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Кеш жүргізушісі 20 АЕК (69 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлейді, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: