24.01.2025
23:05
1907
Қостанайдағы автобустардың бірінде ер адам әйелді соққыға жықты

Қостанайдағы автобустардың бірінде ер адам әйелді соққыға жықты

Полиция автобустағы бұзақылық туралы істі тергеуді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Қостанайдың маршруттық автобустарының бірінде жанжал туындап, ер адам әйелді ұрған. Араға зардап шеккен адамды қорғауға тырысқан жолаушылар араласты.

Полиция қызметкерлері жеке басын анықтап, 61 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Ер адамға қатысты полиция қоғамға деген құрметсіздік білдіретін және зорлық-зомбылыққа әкеп соққан бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген мәліметте.