05.07.2023
04:35
1413

Қостанайда жөндеу жұмыстары кезінде адамның бас сүйегі табылды

Қостанайлық полицейлерлер коммуналдық қызметкерлер тапқан адамның бас сүйегін анықтап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ПД 4 шілде сағат 14:30-да «ҚЖЭК» МКК қызметкерлері Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстыру бойынша жерасты жөндеу жұмыстары учаскесінде адамның қаңқасын тапқаны туралы хабарлады.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.