Қостанайда жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойған

Қостанайда жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойған

Қостанай облысының құтқарушылары төрт азаматқа көмекке келді. Олар ауа райының қолайсыздығынан облыстық маңызы бар «Арқалық-Торғай» автожолының жабылуына байланысты қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ-нің жоғары ТРЭКОЛ техникасы қар құрсауынан алып шыққан адамдарды шұғыл түрде Арқалық қаласындағы ауруханаға жеткізген. Құтқарылғандардың арасында реаниматолог дәрігер мен жедел жәрдем фельдшері, сондай-ақ 2010 жылы туған жасөспірім мен ер адам болған.