22.09.2024
05:20
953
Қостанайда үй алдындағы гаражда өрт шықты

Қостанайда үй алдындағы гаражда өрт шықты

Қостанай қаласындағы Левобережная көшесі бойында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағындағы гараж өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт аумағы - 10 шаршы метр. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өрттің көрші ғимараттарға одан әрі таралуына жол бермеді. Қызыл жалын дер кезінде сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.