21.09.2024
02:12
1261
Қостанайда тұрғын үйде өрт шығып, бір адамды күйік шалды

Қостанайда тұрғын үйде өрт шығып, бір адамды күйік шалды

Қостанай облысы Ұзынкөл ауылында екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт аумағы - 80 шаршы метр. Оқиға орына шұғыл жіберілген өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндірді. Құрбан болғандар жоқ.

Өрт салдарынан 1968 жылы туылған ер адам жеңіл дәрежедегі күйік алып, ауруханаға жатқызылды.