11.11.2024
23:12
911
Қостанайда тұрғын үй жанында көлік жанып кетті

Қостанайда тұрғын үй жанында көлік жанып кетті

Қостанай облысы Тобыл қаласында жеке тұрғын үй жанында тұрған көлік жанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Ленин көшесі бойында болған. Шақырту бойынша мекенжайға дереу жеткен төтеншеліктер жеңіл көліктегі өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда. 

Осы ретте ТЖМ автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.