Қостанайда тәртіп сақшылары үш жасар баланы құтқарып қалды

30 Сәуір 2023, 11:38 1099

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілді

Қостанай полицейлері қайғылы оқиғаның алдын алды. Тәртіп сақшылары 3 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Анықталғандай, анасы қызын үйде жалғыз қалдырып, дүкенге кеткен. Пәтерде шәйнек газплитаға қосулы болған. Кішкентай қыз үйдің есігін іштен жауып алған. Салдарынан, анасы пәтерге кіре алмай қалған.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілді. 

Келген полиция қызметкерлері Абай Фазылов пен Алмас Сафин пәтерге балкон арқылы кіруге жедел шешім қабылдаған. Пәтер екінші қабатта орналасқан.

Полицейлер пәтерге кіріп, бүлдіршінді анасына аман-есен табыстады. Балақайдың анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

EL.KZ
Бөлісу: