Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті

Бүгiн, 11:00 136
22 желтоқсанда Қостанай қаласының орталығындағы мұзды төбешікте алты бала түрлі дәрежеде жарақат алған оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, тағы бір бала медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді. Төбешіктен сырғанаған екі қыз бірнеше сағаттық айырмашылықпен ес-түссіз табылды. Медициналық топтар алғашқы көмек көрсетіп, оларды ауруханаларға жеткізді.

Дәрігерлер қысқы сырғанақ алаңдары үлкен қауіп туғызуы мүмкін екенін де еске салды. Олар ата-аналарды балаларды мұндай жерлерге қараусыз жібермеуге шақырды.

Кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік, ең алдымен, ересектерге жүктеледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: