Қостанайда суға құлап кеткен 8 жасар бала іздестіріліп жатыр

19 Тамыз, 21:10 656

Қостанай облысында кеше 18 тамыз күні байқаусызда суға құлап кеткен оқушы бала әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық ТЖД мәліметінше, Б.Майлин ауданы Козыревка ауылында Тобыл өзенінің арғы бетіндегі топырақ жағалаудан өтіп бара жатқан ер адам мен 8 жасар бала абайсызда суға құлап кеткен. Ер адам судан өз бетімен шыққан. Ал баланы ағыс алып кеткен. Оны іздеу жұмыстары жалғасуда.

Іздестіру шараларына төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары, еріктілер, сондай-ақ жүзу құралдары мен ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: