Қостанайда су тасқыны кезінде полицейлерге бағынбаған 4 тұрғын жазаланды

8 Сәуір, 05:10 813

Қостанайда төтенше жағдай кезінде полицейлердің заңды талаптарына бағынбағаны үшін төрт тұрғын жазаланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

6 сәуірден бастап облыс орталығында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Ал 7 сәуірде түн ортасында су басқан Красный кузнец көшесіне бір топ адам келген.    

Кешке қарай осы аумақты тұратын адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Ауданда полицейлер эвакуацияланған тұрғындардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін патрульдеу жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлер олардың барлығы эвакуацияланғанын түсіндіруге тырысқанда, олардың төртеуі агрессивті түрде әрекет етіп,  балағат сөздер айта бастаған,-деп мәлімдеді обылстық Полиция департаментіндегілер.

Полицейлерге бағынбаған тұрғындарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша хаттама толтырылған. Сот шешімімен оларға 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Полиция Департаменті (@polisia_kostanay)

Перизат Саденова
Бөлісу: