Қостанайда су басқан ауылдардан барлығы 796 адам эвакуацияланды

1 Сәуір, 02:19 645

Өңірде облыстың оңтүстік аудандарын қамтыған су тасқынына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жедел штаб жұмысы жүргізілуде. Штабты үйлестіру кезінде эвакуациялық пункттерде зардап шеккен адамдарды қабылдау ұйымдастырылды. Осындай пункттердің бірі Арқалық политехникалық колледжінің жатақхана ғимаратында орналасқан.

Зардап шеккендерге қажетті көмектің барлық спектрі көрсетіледі. Медицина қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды, киім-кешек, азық-түлік және қажетті заттар берілді.

Су тасқынынан зардап шеккендердің айтуынша, эвакуациядан кейін олар жатақханаға жеткізілді, онда олар жылынатын, демалатын және заттарын жууға мүмкіндік алды. Олар гуманитарлық көмек жіберетін шетте қалмағандардың барлығына алғыс білдіреді.Сондай-ақ отбасыларға алғашқы ақшалай қаражат төленді.

Су басқан ауылдардан барлығы 796 адам эвакуацияланды. Олардың көпшілігі табиғи апатты жағдай кезінде туыстары мен жақындарынының үйінде күтуді жөн көрді. Бүгінгі таңда эвакопункттерде 200-ге жуық адам орналастырылған.

Перизат Саденова
Бөлісу: