09.07.2024
10:06
1248
Қостанайда шөп тиелген екі жүк көлігі өртеніп кетті

Қостанайда шөп тиелген екі жүк көлігі өртеніп кетті

Қостанайда жүк көліктері өртеніп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әулиекөл ауданының тасжолында 25 тонна шөп тиелген тіркемелері бар екі жүк көлігі жанып кетті. ТЖМ күш-құралдары өртті толықтай сөндірді. Жалын шарпыған аумақ — 60 шаршы метрді құрады.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

ТЖМ жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды ескертеді.