07.05.2024
05:21
1245

Қостанайда шаруашылық ғимараты жанды

Қостанай облысы Әулиекөл ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында шаруашылық құрылыс ғимараты өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызыл жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға 6 мамыр кешкі уақытта болған. Өрт сағат 22.42-де сөндірілді.  Зардап шеккендер жоқ.

Алдын-ала болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.