Қостанайда радикалды діни идеологияны насихаттаған ер адам құрықталды

11 Маусым, 13:26 513

Қостанайда полицейлер радикалды діни идеологияны насихаттаған ер адамды  құрықтады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Радикалды діни идеологияны ұстана отырып, ол өз ортасы мен әлеуметтік желілерде өзге дінді ұстанатын азаматтардың төмендігін насихаттайтын және діни себептермен зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды таратқан.

Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, терроризмді насихаттағаны үшін оған қатысты 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделіп отыр, ал діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін,  – деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.

Ол сондай-ақ осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілі жатыр.

Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: