Қостанай қаласының Дружба ауылында екі қабатты «Жібек жолы» қонақ үйінің ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабар сағат 11:00-де түскен. Құтқарушылар өртенген қонақ үйден әйелдің денесін алып шықты. Өрт ғимараттың шатырын, екінші қабатын және бірінші қабаттың кей жерлерін шарпыды. Ғимарат әлі пайдалануға берілмеген.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, өрттің шығу себептері жан-жақты тексерілмек, - деп хабарлайды ТЖД өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өрт ошағынан ең жақын елді мекенге дейінгі қашықтық он бір шақырымды құрайды.. Оқиғаға қатысты тергеу тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.