07.06.2023
11:24
1214
Қостанайда психотроптық таблеткалар сатқан 21 жастағы жігіт ұсталды

Қостанайда психотроптық таблеткалар сатқан 21 жастағы жігіт ұсталды

Қостанайлық полицейлер психотроптық таблеткалардың үлкен партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Еl.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы Қостанай тұрғыны ұсталған, оның үйінен айрықша заттар салынған бес шыны құты және екі полимерлі Zip-пакет табылды.

Зертханалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін ер адамның құтыларда кептірілген марихуана сақтағаны белгілі болды. Пакеттерде психотроптық саңырауқұлақтар мен құрамында психотроптық заттар бар «Ксанакс» дәрілік препараты мен таблеткалар бар, - деп түсіндірді Қостанай облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығының міндетін атқарушы Амир Нигматзанов.

Полиция 1 келіге жуық марихуана, 65 гр кептірілген саңырауқұлақтар, сондай-ақ 312 дана психотроптық таблетка тәркіледі.

ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.