Қостанайда полиция жоғалған баланы жедел іздестіріп, анасына табыстады

4 Қазан, 22:43 464

Қостанай облысының Озерный ауылының тұрғыны полицияға оның 13 жасар ұлы белгісіз бағытта үйден кетіп, оралмағанын хабарлады. Әйел күні бойы іздегеннен нәтиже шықпаған соң полицияға жүгінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жедел әрекеттердің нәтижесінде тәртіп сақшылары бір сағат ішінде Озерный ауылында досымен бірге жүрген жасөспірімді тапты.

Бала ата-анасына үйіне қайтарылып, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ал анасы полицейлерге жедел әрекет етіп баласын тауып бергендері үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Зарина Арман
Бөлісу: