Қостанайда өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

27 Қазан 2022, 06:14 1084

Қостанай облысындағы ірі өрттің салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры облыс әкімдігімен бірлесіп, қайырымдылық көмек көрсету тетігін пысықтады, деп хабарлайды El.kz.

Тараптар осыған дейін зардап шеккен тұрғындардың үйлерін жарақтандыруға, сондай-ақ балалардың спорттық-сауықтыру лагерін қалпына келтіру шараларына қатысатыны туралы мәлімдеген болатын.

22 қазанда Қостанай облысының әкімдігі 3 қыркүйекте болған өртте үйлері толығымен өртенген Әулиекөл ауылының тұрғындарына 91 үйдің кілтін табыс етті. Осыған байланысты, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесі Қостанай облысының тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Үйлерді жайластыру (жабдықтандыру) үшін қор жергілікті атқарушы орган тарапынан баспана алған әрбір отбасына 2 млн теңге бөледі. Осы мақсаттарға қордың қаражаты, сондай-ақ арнайы шотына жіберілген Е.Еділовтың атынан «Yedilov Online» telegram-каналына жазылушылардан жиналған қаражат (25 822 791 теңге) бағытталады.

Бөлісу: