Қостанайда өрт шыққан пәтерден әйел кісі құтқарылды

17 Ақпан, 00:10 772

Қостанайда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қарт әйелді құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, 15 ақпан күні бес қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен өрт шықты. Сержант Болат Ысқақов бірінші қабаттағы түтін басқан пәтерден қарт әйелді тапқан. 101-ге хабарлап, ұландық жауынгер тұрғынды құтқаруға кіріскен.

Түтінді көріп, мен кіреберіске қарай жүгірдім. Өрт сөндіру бригадасын шақырдым. Кіреберістің есігі жабық болды, сондықтан ондағы пәтерлерге қоңырау шала бастадым. Есікті тез арада ашты. Кіреберіске кіргенде айналаның бәрі түтінге толғанын көрдім. Кейін уақытты жоғалтпай, мен әйелді алып, оны терезе арқылы сырттағы адамдарға тапсырдым, - дейді Болат Ысқақов.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: