05.09.2023
14:30
964
Қостанайда ер адам итті тепкілеп тастаған

Қостанайда ер адам итті тепкілеп тастаған

Қостанай полициясы ер адамның итті тепкілеп жатқаны туралы бейнежазбаға түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, қазіргі уақытта жүргізілген тексеру нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 407-1-бабы 1-бөлігі, 407-2-бабы 1-бабы бойынша екі әкімшілік хаттама жасалған ит иесі ер адамның анықталғанын атап өтті.

Бірінші баптың санкциясында 5 АЕК, екіншісінде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Сондай-ақ ит иесімен жануарларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтау үшін профилактикалық әңгіме жүргізілді.