Қостанайда бүлдіршін 5-қабаттан құлап кетті

5 Шілде 2023, 14:00 801

Кішкентай бала Қостанайда көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға 4 шілде күні облыс орталығында болды.

Сағат 16:07-де Қостанайда Ш.Шаяхметов көшесінде (6 қабатты үй) ересектердің қарауынсыз қалған бала ғимараттың 5-қабатынан құлап кеткен. 2020 жылғы қыз ауруханаға жеткізілді. Жағдайы қанағаттанарлық, - делінген Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: