Қостанайда «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтеді

20 Қазан 2022, 09:44 1697

Лагерді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырады

19−21 қазан аралығында Республика күніне орай «Джайляу» демалыс орталығында (Қостанай облысы Алтынсарин ауданы) «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтеді, деп хабарлайды El.kz

Мұндай жастар Лагерін өткізу дәстүрге айналған. Лагерь белсенді, талантты жастарды біріктіреді. Қазақстан халқы Ассамблеясының іргелі қағидаттарын жастар ортасына енгізу, ҚХА әлеуетін дамыту қағидаттарына негізделген достық байланыстарды нығайту және жастар қоғамдастығын құру, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, республикалық және халықаралық жастар ұйымдарының өзара әрекеттесуін орнату мақсатында өткізіледі.

«Бірлік» жобасының бағдарламасы аясында күнделікте және әлеуметтік желілерде этносаралық шиеліністердің алдын алу, еріктілік және кәсіпкерлік саласын ұштастыру, қазақ тілінің болашақтағы рөлі және коммуникацияны құру мәселелері, бірлік құндылықтары жөнінде тренинг, квест-ойын форматтарында арнайы спикерлермен мотивациялық кездесулер ұйымдастырылды.

Қостанай облысындағы ҚХА «Бірлік» жастар жобасының басты айтулы оқиғасы, екінші күні өтеді – еріктілері акциясы, Әулиекөл ауданында көшеттерді отырғызу, ормандарды қалпына келтіруге жастардың қатысуы.

Жобаға еліміздің барлық аймақтарынан жастар жиналды. Олар – этномәдени бірлестіктердің белсенді өкілдері, «Жастар Ассамблеясы» РҚБ облыстық штабының жетекшілері мен мүшелері, Қостанай облысында өрт болған жағдайда көмектескен еріктілер, ауыл жастары, республикалық және халықаралық жастар ұйымдары. Жалпы жобаға қатысуға 70-тен астам жастар келді.

Сондай-ақ, Лагерьдің ашылу рәсіміне онлайн байланыс арқылы Қырғызстан, Өзбекстан жастары қатысты.

Спикерлер ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері, бизнес, білім беру, спорт салаларының өкілдері шақырылды.

Бөлісу: