Қостанайда бие сүтінен құрғақ сүт өндіріле бастады

24 Қараша 2023, 16:33 3244

Қуаттылығы жылына 40 тонна құрғақ сүт өндіретін «S-Agro-Borovskoe» ЖШС фермасы іске қосылды. Толық жобалық қуатқа шыққанда 100-ге жуық жұмыс орны құрылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыста ферманың іске қосылуымен ұзақ сақтау кезінде де сапасын жоғалтпайтын жаңа бірегей өнім түрі пайда болды. Әкімнің сөзіне қарағанда, жаңа заманауи технологиялардың арқасында біз ата-бабаларымыздың мұрасын сақтап қана қоймай, оны жаңа халықаралық деңгейге шығара аламыз.

Сонымен қатар Құмар Ақсақалов ірімшік шығыратын зауыттың іске қосылатынын мәлімдеді.

Келесі жоба – белгілі неміс өндірушісін («Дойчес Милхконтор») тарта отырып, 10 жаңа түрлі ірімшік шығаратын жаңа кешеннің құрылысы («Милх» ЖШС), бұл өндірістік қуаттылықты арттырып, облыста ірімшік өндіру көлемін 1,5 есеге ұлғайтуға, импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді. Жобаның құны – 7,2 млрд теңге, қуаты – жылына 2,0 мың тонна өнім. Жаңа зауыт аша отырып, облыстағы өңделген сүттің үлесін 46 пайыздан 60 пайызға дейін арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар, бұл өнімдерді Германияға экспорттау туралы келісім бар, - деді ол.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: