Қостанайда бас шыршаның шамы жағылды

21 Желтоқсан 2023, 13:00 1656

Қостанайдың орталығымен қатар тағы үш ауданында «Жастар сарайы» маңында, сондай-ақ ҚСК ауданында және «Әуежай» шағын ауданында шыршалар жағылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша, биылғы жаңа жылдық думан керемет ерекшелігімен елдің есінде қалып жатыр. Концерттік бағдарламаға ұласып, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Би билеп, көңілді ән шырқалды. Жылдағы дәстүрмен аяз ата мен ақшақардың қойылымын тамашалаған көпшілік керемет көңіл-күйде жүр.

Мерекелік шыршаның жағылуына қала әкімі Марат Жүндібаев қатысып, меркелік отшашудың алдында шаһар халқын келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Қала тұрғындары жаңа жылдық көңіл-күйді сезіну үшін қаланың орталығында түрлі фигуралар – Аяз ата, Ақшақар, зодиак белгілері, тақырыптық жаңа жылдық инсталляциялар, мұз қалашығы және т.б. салынды. Әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің мұз мүсіндерін салған білім беру ұйымдары да үлкен жұмыс жасады. Тұрғындардың игілігіне бағытталған бастамалары үшін қостанайлықтар мен кәсіпорын ұжымдарына алғысымды айтамын. Қала тұрғындарын келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Баршамызға Жаңа – 2024 жылы бейбітшілік пен бақыт алып келсін! – деді Марат Қонысбайұлы.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Марат Жундубаев (@marat_zhundubaev)

 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: