Қостанайда алименттен жалтарған 7 әке қылмыстық жазаға тартылды

5 Тамыз, 05:16 434

Қостанай облысында прокурорлар алименттік берешекті өндіру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Жітіқара ауданында борышкер 7 әке қылмыстық жазаға тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс прокуратурасының мәліметінше, жыл басынан бері жалпы құны 8,1 млн теңгеден асатын екі борышкер берешек есебі ретінде сот орындаушыларға пәтерін берген. Берешек есебі 1,6 млн теңге тағы бір тұрғын пәтердегі ½ үлесін берген.  

Ағымдағы жылы прокурорлық қадағалау актілері бойынша аудан аумағында сот орындаушылары 10 борышкерді жұмысқа орналастырып, 19,5 млн теңгеден астам сомаға берешек өтелген.

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін 10 борышкер әкімшілік жауапкершілікке, 7 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың біріне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,-деп атап өтті прокуратурадан.

Зарина Арман
Бөлісу: