Қостанайда 6 баласы бар жұмысшы бетон араластырғышқа құлап қаза тапты

5 Қазан, 21:05 911

Қайғылы оқиға Қостанай облысы Садовое ауылындағы "БК-стройға" мекемесіне тиесілі кірпіш зауытында болған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды tobolinfo.kz-ке El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінде бұл оқиғаны растады. 60 жастағы жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Басылым мәліметінше, ер кісі ересми түрде жұмысқа тұрмаған. Құжат жүзінде оның қызы осы компанияда тіркелген. Марқұмның артында 6 баласы қалды.

Перизат Саденова
Бөлісу: