Қостанайда 10 магнит жұтып қойған бала көз жұмды

21 Тамыз, 09:27 1913

Қостанайда 10 дөңгелек магнит жұтып қойған бала көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облыстық балалар ауруханасы хирургия қызметінің жетекшісі Игорь Белобржицкий баланың медициналық мекемеге 7 шілдеде жеткізілгенін мәлімдеді. Бала Рудный қаласынан «денесіндегі бөгде зат» диагнозымен жіберілген. Бала дереу ауруханаға жатқызылды.

Біз барлық қажетті анализдерді алдық. Асқазанға фиброгастродуоденоскопия жүргізіп, магниттерді көрдік. Алғашқы отадан алты магнит алынды. Операция бөлмесінде лапароскопия арқылы құрсақ қуысы тексерілді. Жетінші магнитті де алды, - деді дәрігер.

Оның сөзінше, қалған үш магнит ішекке өтіп кеткен. Алайда, табиғи жолмен шықпаған.

Біз анасына операция қажет екенін түсіндірдік. Бала секіріп, ойнап жүрді. 10 шілдеде таңертең операцияға крістік. Ішектегі магниттер перфорация және перитонит туғызған. Бірақ бізде одан да асқынған перитонит болды, операциядан кейін барлық магниттерді алып тастадық. Шок салдарынан баланың жүрегі тоқтап қалды, - деді дәрігер.

Бала жансақтау бөліміне ауыстырылып, бір сағат бойы реанимациялық шаралар жүргізілген. 10 шілдеде бала көз жұмды, оның өлімі магниттен емес, перитониттен емес, ауыр шоктан болуы мүмкін деп болжайды дәрігерлер.

Қайғылы оқиғадан кейін баланың ата-анасы полицияға хабарласқан.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: