Қостанай жылқысының тұқымын көбейту жұмыстары басталды

27 Наурыз, 10:00 988

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қазақстанда Қостанай жылқы тұқымын көбейту жұмыстары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Қостанай тұқымы жылқыларын сақтап қалу жұмыстарының бірінші кезеңі аясында «Байсерке Агро» холдингі асыл тұқымды айғырларын Қостанай жылқы зауытына шағылыстыру және ұрықтандыру үшін жеткізіп береді.

Айғырлар - 10 жасар Кумир мен 8 жасар Триумф - алдағы асылдандыру маусымында Қостанай жылқы зауытында болады, содан кейін олар үйлеріне қайтады. Жылқылар Еуропадан келген таңдаулы жүйрік аттардың ұрпақтары және Алматы облысындағы «Қобыланды» жылқы зауытына тиесілі. Оларды Қостанайға жіберер алдында ғалымдар мұқият іріктеу жүргізіп, қостанай тұқымына ең ұқсас күрең түсті, аяғы мен маңдайында ақ дақтары бар екі айғырды таңдады. Айғырлардың көмегімен асыл тұқымды өзек болып табылатын Қостанай тұқымының 34 бас биесін ұрықтандыру жоспарлануда.

«Қазақ тұлпарының» мал шаруашылығы маманы Виталий Гофманның айтуынша, айғырлар алдымен бейімделу және жұптауға дайындық кезеңінен өтеді. Сәуір айының соңында басталатын жұптастыру жоспары дайындалуда. Жұптар тұқым стандартына қол жеткізу үшін сыртқы түрі мен келбетіне қарай таңдалады. Олардан келесі жылдың сәуір-мамыр айларында төл алады деп күтуде.

Осы ретте «Қобыланды» жылқы зауытына генетикалық материалды көшіру үшін Қостанай тұқымының Рабат атты үлгілі айғыры жіберілді.

«Қобыланды» жылқы зауытының өкілі Василий Мельников атап өткендей, оған қостанайлық жылқылар тобымен шағылыстыру үшін 10 асыл тұқымды бие дайындалған. Ол үшін асылдандыру бағдарламасы әзірленді.

Келісім аясында «Байсерке Агро» агрохолдингі Қостанай жылқы зауытының қораларын жөндеу мен жайластыруды өз мойнына алады.

Өткен жылы «ҰАҒБО» КеАҚ, «Қазақ тұлпары» ЖШС және «Байсерке Агро» арасында қостанайлық жылқы тұқымын сақтап қалу және көбейту бойынша бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Бұл жұмыс еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық жылқы мен тазы тұқымын жаңғырту бойынша тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

Қостанай жылқы тұқымы – қазақтың мамандандырылған спорт түрлерінің жалғыз жылқы тұқымы және ұлттық ат спортын дамыту үшін кеңінен қолданылады. Ол 1951 жылы Қостанай, Майкольский және Троицкий (Ресей) жылқы зауыттарында қазақ тұқымды биелерді қалмақ, дон, стрелецкая, орлов-растончинская, ағылшын-араб және асыл тұқымды шабандоз айғырларымен шағылыстыру арқылы өсірілді.

Бұл тұқымның жылқылары жоғары еңбек қасиеттерімен – күштілігімен, төзімділігімен ерекшеленеді және Қазақстанның климатына бейімделген.

Айта кетейік, бұл ерекше жылқы тұқымы қазір жойылу алдында тұр. Қазіргі таңда асыл тұқымды кітапта 200-ден аспаса, «Қазақ тұлпары» жылқы зауытында (Қостанай жылқы зауыты) 48-і ғана бар.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: