23.09.2023
12:49
951
Қостанай тұрғыны терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру дерегі бойынша сотталды.

Қостанай тұрғыны терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру дерегі бойынша сотталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру дерегі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының Б.Майлин атындағы аудандық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазалады.

Сотталған діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын интернеттің әлеуметтік желілерінде жариялаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді. 2023 жылғы 20 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.