Қостанай полицейлері патрульдеу кезінде хабар-ошарсыз кеткен әйелді тапты, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
3 қарашада Сұлтан Нұрғалиев пен Сұлтан Мнайдаров құрамындағы автопатруль “Қостанай-Мамлютка” А-21 тас жолында кезекшілік етті. 21 шақырым жерде патрульшілер Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатты.
Оны 2 қарашадан бері Қостанай қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен әйел басқарған. 40 жастағы жүргізуші көлікті құжатсыз басқарып, Ұзынкөл ауылынан келе жатқан.
Сараптама нәтижелері бойынша әйел көлікті мас күйінде басқарған. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталуда.