Қостанай облысының оңтүстік аудандарындағы су тасқыны жағдайы әлі де күрделі. Облыс әкімі Құмар Асксақаловтың төрағалығымен жедел штаб жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарғын судан тұрғындар ғана емес, мал-мүлік те запа шеккен. Біраз мал шығыны тіркелген, дегенмен, малдың көп бөлігі аман қалды.
Енді Қостанай облысында малға астық пен шөп тасымалдау жұмыстары басталды.
Мысалы, бүгінде Арқалық қаласына Әулиекөл, Ұзынкөл, Сарыкөл және Наурызым аудандарынан 45 тонна шөп және 82.2 тонна астық жемі түсті. Жақын арада Алтынсарин ауданынан жем-шөп түседі деп күтілуде, екі камаз жолда, - делінген Қостанай облысы әкімдігі таратқан ақпаратта.
1 сәуірдегі жағдай бойынша жалпы жеткізу жоспары шамамен 130 тонна жемшөп дақылдарын (шөп, арпа, астық қалдықтары және сұлы) құрайды. Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл аудандары, Бейімбет Майлин ауданы өз көмегін жолдайды.