Қостанай облысының негізгі су қоймаларында жағдай тұрақты

1 Сәуір, 17:09 722

Бұл туралы су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев Қостанай облысындағы Тобыл өзені бассейніндегі су қоймаларының жұмысымен танысты. Комитет төрағасы 29-31 наурыз аралығында «Қазсушар» РМК Қостанай филиалының балансындағы Желқуар, Жоғарғы Тобыл, Қызылжар және Қаратомар су қоймаларын аралады.

Су қоймалары бекітілген кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Еріген қар суының көлеміне байланысты ағынның біртіндеп артуы байқалады, бірақ суды уақтылы өткізу пайдалану ережелері мен бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

30 наурызда Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Албарбөгет бөгетінде су деңгейінің көтерілуі мен толуы байқалды. «Қазсушар» РМК жергілікті филиалының мамандары бөгеттегі су жүктемесін азайту бойынша іс-шаралар қабылдады. Бұл су деңгейін төмендетуге және Көкалат кентін су басу қаупінің алдын алуға көмектесті.

Филиалдың негізгі құрылыстарындағы жағдай тұрақты және тәулік бойы бақылауда. Тасқын суының ағыны ұлғайған жағдайда негізгі нысандарға пайдалану қағидаларына сәйкес реттеу жүргізілетін болады. Су қоймаларының ағыны мен толуы туралы мәлімет күн сайын тиісті мекемелерге беріледі, - деді ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.
Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: