Оқиға 13 қыркүйекте Қостанай және Федоров аудандарының шекарасында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, жүргізуші жол жөндеу жұмыстарына асфальт әкеліп, түсіргеннен кейін кузовты түсіруді ұмытып кеткен. Әрі қарай жүру кезінде ол жол бетіне зақым келтірген.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Соңғы іс жүргізу шешімін сот қабылдайды.
Полиция жүргізуші зардап шекпегенін атап өтті. Келтірілген залалды өтеу мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешілетін болады.