06.02.2025
09:22
648
Қостанай облысында жолда қалған 30 адам құтқарылды

Қостанай облысында жолда қалған 30 адам құтқарылды

Қостанай облысында құтқарушылар қар құрсауынан тағы 30 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Амангелді ауданының Амантоғай ауылынан 15 шақырым жерде, облыстық маңызы бар «Әулиекөл - Жолдама» автожолының жабық учаскесінде құтқарушылар күшімен жолдың тазартылған учаскесіне ішінде 30 адам бар 8 жеңіл автомобиль сүйреп шығарылды.

11 жолаушы, оның ішінде 3 бала Амантоғай ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Құтқарылғандардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - делінген мәліметте.