Қостанай облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

29 Шілде 2023, 11:14 862
Қостанай облысындағы кеше кешкілік болған жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
 
Қайғылы оқиға 28 шілде күні сағат 21:00 шамасында Қостанай-Сарыкөл автожолындағы Октябрь ауылынан 15 шақырым жерде болды.

ВАЗ-21099 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Онда үш жолаушы, арасында жүкті әйел болған.

Апат салдарынан Ваз жүргізушісі мен Toyota жүргізушісі алған жарақаттарынан бақилық болды Түрлі жарақаттары бар үш жолаушы ауруханаға жеткізілген. 

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: