Қостанай облысында жол апаты деректерінің саны екі есеге көбейген

31 Шілде, 01:34 444

Жыл басынан бері Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе өскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында мәлім болды. Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жүргізушілердің төмен тәртібімен байланысты (97%). Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері жергілікті атқарушы органдардың тұрақты назарында болуға тиіс. Алайда, жылдан жылға келесі бұзушылықтар қайталанады: жол белгілерінің, жаяу жүргіншілер жолдарының, бағдаршамдардың және жарықтандырудың болмауы.

Қостанай қаласында басты назар аударылуы тиіс. Халық пен автокөлік құралдарының көбі осы жерде шоғырланған. Барлық ЖКО-ның жартысы облыс орталығында болды. Осыған қарамастан, бағдаршамдар мен жол белгілерін ауыстыру әлі жүргізілмеген. Қалада барлығы 30-ға жуық жол белгілері орнатылған, 700-ге жуығыс ауыстырылуы тиіс, , - деп атап өтті облыс әкімі.

Соған қарамастан, ЖКО-да қаза тапқандар саны өткен жылмен салыстырғанда 26% - ға төмендеді. Бұл төмендеу көбінесе полиция департаментінің материалдық-техникалық жабдықтарының жақсаруына байланысты. Жыл сайын осы мақсаттарға қомақты қаржы бөлінеді. Өткен жылдың желтоқсан айында Департамент қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілттері табыс етілді-барлығы 107 бірлік автокөлік, оның ішінде 3 шағын автобус сатып алынды. Сондай-ақ 380 млн теңгеге 973 бейнежетон сатып алынды.

Биыл материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсартуға 400 млн теңгеден астам қаржы бөлінді (2023 жылы – 875,5 млн теңге). Жылдың соңына дейін 111 млн теңге сомасына жылдамдық режимін тіркеудің 8 мобильді кешенін орнату жоспарлануда. 120 млн теңге саусақ іздері бойынша азаматтарды танудың автоматтандырылған жүйесін сатып алуға бағытталған.
 

Зарина Арман
Бөлісу: