22.05.2025
20:12
636
Қостанай облысында ТЖМ қызметкерлері балшыққа батқан көлікті шығарды

Қостанай облысында ТЖМ қызметкерлері балшыққа батқан көлікті шығарды

Қостанай облысының Сарыкөл ауданында Обаған өзенінің маңында екі адам мінген жеңіл автокөлік балшыққа батып қалып, құтқарушылар көмегіне жүгінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Апат туралы хабар алған төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары арнайы жол талғамайтын «Трэкол» техникасын пайдаланып, көлікті қауіпсіз жерге сүйреп шығарды.

Жолаушылар сапарын әрі қарай жалғастырып, медициналық көмекке жүгінуді қажет етпеді. Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ.