Қостанай облысында туберкулезден көз жұмғандар саны артты

19 Шілде 2023, 16:23 695

Жыл басынан бері Қостанай облысында туберкулезден болатын өлім-жітім өскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыста туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 23,6-дан 21-ге дейін төмендеді. Ал, туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 0,9-дан 1,4-ке дейін өсті. 15-49 жас тобындағы АИТВ-ның (адамның иммун тапшылығы вирусы) таралу көрсеткіші - 0,56. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 0,5 болған. Қатерлі ісікпен ауыру көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 149,4-тен 168,5-ке дейін өсті, - делінген облыс әкімдігінің сайтында жарияланған жартыжылдық есепте.

Оқи отырыңыз:

Құжатта көрсетілгендей, өңірде онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім төмендеген.

Атап айтқанда, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 38,5-тен 38-ге дейін қысқарған.

Равиль Ашығали
Бөлісу: